14 сағат бұрын

Дастан Сатпаев «Челси» құрамына қосылды

Дастан Сатпаев «Челси» құрамына қосылды

Британдық медиагигант BBC Sport сайты Лондондағ «Челси» клубының жаңа ойыншылары туралы мақаласында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты атап өтті. 17 жасар футболшы осы жылдың соңында Лиам Росеньор жетекшілік ететін командаға қосылуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Сәтпаев «Қайрат» клубында жалға алынған түрде ойнап жүр. BBC мәліметіне сәйкес, «аристократтар» жас әрі болашағы бар  футболшылар тобын да өз құрамына қосып отыр.

««Челси» келесі маусымға бірнеше ойыншыны жоспарлап қойған, олардың қатарында «Спортинг» клубының шабуылшысы Жеовани Кенда (құны 40 млн фунт), «Страсбур» шабуылшысы Эмануэль Эмегха, «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев және «Коринтианс» сол жақ қорғаушысы Деннер Эванжелиста бар. Сондай-ақ клуб жақында «Индепендьенте дель Валье» қорғаушысы Дейнер Ордоньестің трансферін рәсімдеп, ол 2028 жылдың қаңтарында қосылады», — делінген мақалада.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!