5 күн бұрын
«Реал» Хаби Алонсоның кетуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
Мадридтің «Реал» клубы басшылығы бас бапкер Хаби Алонсоның қызметінен кетуіне байланысты ресми мәлімдеме таратты.
Испаниялық маманның ықтимал түрде қызметінен босатылатыны туралы ақпарат тарағаннан кейін клуб директоры Эмилио Бутрагеньо бұл қауесеттерге түсініктеме берді. Айтуынша, Алонсоның кетуі екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асқан.
«Хабимен қоштасу өзара келісім негізінде өтті. Біз оған алдағы жолында сәттілік тілейміз», — делінген клуб атынан айтылған сөзде.
Хаби Алонсо «Реалды» 2025 жылдың жазынан бастап басқарды. Ол мадридтік ұжымға Германияның «Байер» клубынан келген болатын. Алонсоның кетуі «Реалдың» Испания Суперкубогының финалында «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңілгенінен кейін белгілі болды.
Айта кетейік, «Реалдың» жаңа бас бапкері болып команда сапында бұрын ойнаған Альваро Арбелоа тағайындалды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!