2 күн бұрын

Юрген Клопп «Реалда» көргісі келетін футболшыларды атады

Юрген Клопп «Реалда» көргісі келетін футболшыларды атады

«Ливерпуль» мен дортмундтық «Боруссияның» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп мадридтік «Реалға» келетін болса, құрамды елеулі түрде күшейтуді талап етеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Дереккөздің мәліметінше, неміс маманының трансферлік шорт-парағында бес ойыншы бар. Клопп «ақтардың» қорғаныс шебін қорғаушылар Марк Гехи мен Дайо Упамеканомен күшейткісі келеді. Жартылай қорғау шебіне неміс бапкері Бруно Гимараэс пен Анджело Штиллерді шақыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Юрген «корольдік» клубтың шабуыл әлеуетін Карим Адейемимен арттырғысы келеді. Қазіргі уақытта «Реалдың» бас бапкері қызметін Альваро Арбелоа атқарып отыр.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!