7 күн бұрын

Майкл Кэрриктің «Манчестер Юнайтедтегі» дебюттік ойыны күтпеген есеппен аяқталды

Майкл Кэрриктің  «Манчестер Юнайтедтегі» дебюттік ойыны күтпеген есеппен аяқталды

Англия Премьер-лигасының 2025/2026 маусымындағы 22-тур аясында «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Екінші таймның 65-минутында есепті «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Брайан Мбемо ашты. 76-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Патрик Доргу есепті еселей түсті. Кездесудің соңында, 90+2-минутта, хавбек Мэйсон Маунт «Юнайтедтің» үшінші голын соққанымен, төреші бұл голды есепке алмады.

22 турдан кейін АПЛ-де «қызыл сойқандар» 35 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ал «қалалықтар» 43 ұпаймен екінші сатыға жайғасты.

Келесі турда «қызыл сойқандар» 25 қаңтар күні «Арсеналмен» кездессе, «Манчестер Сити» 24 қаңтарда «Вулверхэмптонға» қарсы ойнайды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!