4 күн бұрын

«Реал» жаңа бас бапкермен жеңіске жетті

«Реал» жаңа бас бапкермен жеңіске жетті

Испания Ла Лигасының 2025/2026 маусымындағы 20-тур аясында мадридтік «Реал» мен «Леванте» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Кездесудегі есеп 58-минутта «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе тарапынан ашылды. Iл 11 метрлік пенальтиді сәтті орындады. 65-минутта қорғаушы Рауль Асенсио алаң иелерінің басымдығын екі есеге арттырды.

Өткен турда «Реал» «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал «Леванте» «Эспаньолмен» тең ойнап, ұпай бөлісті (1:1). Келесі турда «ақтар» 24 қаңтарда «Вильярреалмен» кездессе, «Леванте» 23 қаңтарда «Эльчеге» қарсы ойнайды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!