Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.01.2026

«Ливерпуль» Англия чемпионатында аутсайдермен ұпай бөлісті

«Ливерпуль» Англия чемпионатында аутсайдермен ұпай бөлісті

Ағылшын Премьер-лигасының 22-туры аясында «Ливерпуль» мен «Бёрнли» командалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Ойындағы есепті 42-минутта «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ашты. Қонақтар құрамындағы шабуылшы Маркус Эдвардс 62-минутта есепті теңестірді. Матчтың қалған уақытында командалар нәтижелі әрекет көрсете алмады.

Англия чемпионатындағы 22 матчтан кейін «Ливерпуль» 36 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. «Бёрнли» 14 ұпаймен 18-орында орналасқан.

Келесі турда «Бёрнли» 24 қаңтар күні өз алаңында «Тоттенхэммен» кездеседі. Ал «Ливерпуль» сол күні сырт алаңда «Борнмутқа» қарсы ойнайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»