17.01.2026
Мохамед Салах Африка ұлттары кубогында жүлдесіз қалды
2025 жылғы Африка ұлттары кубогының үшінші орын үшін өткен матчы Египет пен Нигерия құрамалары арасында аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Матчтың негізгі уақытында командалар гол соға алмады. Ал пенальти сериясында Нигерия құрамасының футболшылары дәлірек болды. Египет құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах матчтан кейінгі пенальти сериясында өз мүмкіндігін пайдалана алмады.
Жартылай финалда Нигерия ұлттық құрамасы марокколықтарға пенальти сериясында жол берді (0:0, пенальти: 2:4). Ал Египет құрамасы Сенегалға 0:1 есебімен жеңілді.
2025 жылғы Африка кубогы Мароккода өтіп жатыр. Жарыс 18 қаңтарға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов