3 күн бұрын

Ислам Чесноков Шотландияда дебют жасады

Ислам Чесноков Шотландияда дебют жасады

«Хартс» өз алаңында Шотландия кубогының 1/16 финалындағы матчта «Фалкирктен» сенсациялық түрде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады - 1:1. 59-минутта Бен Паркинсон «Фалкиркті» алға шығарса, 85-минутта пенальтиден Лоренс Шенкленд есепті теңестірді. Айта кету керек, бұл 11 метрлік айып добын 77-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан «Хартстың» қазақстандық вингері Ислам Чесноков алып берді. Қосымша уақытта командалар гол соға алмады. Aл пенальтилер сериясында «Фалкирк» 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ислам Чесноков Шотландия чемпионатына ауысқан алғашқы қазақстандық футболшы саналады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!