Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

18.01.2026

Микель Артета: тең ойын да алға жасалған қадам

Микель Артета: тең ойын да алға жасалған қадам

Англия чемпионатының кезекті турында чемпиондыққа басты үміткер «Арсеналдың» бас бапкері тең есепке қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Әр апта - мүмкіндік. Біз барлық матчта жеңгіміз келеді. Егер бұл қолымыздан келсе, қазір мүлде басқа жағдайда болар едік. Бүгінгі тең ойын да («Манчестер Ситимен» чемпиондық күресте) алға жасалған қадам. Бірақ біз қалағандай маңызды емес», — деді матчтан кейінгі сұхбатында Артета.

Лондондық «Арсенал» ең жақын қуғыншыларынан тоғыз ұпайға алға ұзап кете алатын еді. Бірақ олар «Ноттингем Форестті» жеңе алмады (0:0).

Енді «Арсенал» 20 қаңтарда Чемпиондар лигасында миландық «Интермен» кездеседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»