18.01.2026
Еуропа чемпионы Қазақстанда доп тебуі мүмкін
Португалия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» жұлдызы болған Луиш Нани отандық «Ақтөбе» клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz сайты AmanVibe телеграмына сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің дерегінше, «Манчестер Юнайтед» пен Португалия ұлттық құрамасының экс-футболшысы жақын күндері «Ақтөбе» сапын толықтырады. «Ақтөбе» Луиш Нанимен бір жылдық келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келген. Португалиялық футболшы Қазақстан Премьер-лигасы тарихында рекордтық көлемдегі жалақы алады деген сыбыс бар.
Нани 22 қаңтар күні Алматыға ұшып келіп, кейін Ақтөбеге аттанады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов