7 күн бұрын
Ғалымжан Кенжебектің голы «Ахматқа» жеңіс сыйлады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Грозныйдың «Ахматына» жолдастық матчта жеңіске жетуге көмектесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Белградтық сербиялық «ОФК»-ға қарсы ойында қазақстандық футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, дебюттік голымен және нәтижелі пасымен көзге түсті.
Кездесудің 31-минутында Кенжебек айып алаңына еніп, қақпаның сол жақ бұрышына бағытталған дәл соққымен есеп ашты.
Бірінші таймның соңында, 45-минутта жартылай қорғаушы сол қапталдан Мохамед Конатеге нәтижелі пас шығарды.
53-минутта Брайан Мансилья кездесудегі қорытынды есепті белгіледі — 3:0.
Ғалымжан Кенжебек үзілісте алмастырылды. Ал Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Максим Самородов матч бойы қосалқы құрамда отырды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов