6 сағат бұрын

Станислав Черчесов Ғалымжан Кенжебектің голына бағасын берді

Станислав Черчесов Ғалымжан Кенжебектің голына бағасын берді

«Ахмат» клубының бас бапкері Станислав Черчесов алғашқы оқу-жаттығу жиынының қорытындысын шығарып, сербиялық ОФК-ға қарсы өткен матчта (3:0) қазақстандық Ғалымжан Кенжебектің дебютіне баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz

— Жоспарланғанның бәрін орындадық. Тек алдыңғы күні екінші бақылау ойынының алдында жігіттерде шаршау болғандықтан, бір жаттығуды тоқтатуға тура келді. Ең бастысы, жарақат жоқ. Тек Касинтуре мен Мелкадзеге ұсақ жарақаттар мен алаң төсенішінің сапасына байланысты ойнауға мүмкіндік бермедік.

— Команданың жаңа ойыншылары Пряхин, Цаке және Кенжебектің ойынын қалай бағалайсыз?

— Оларға баға бермей-ақ қояйық. Ал Кенжебекке келсек, ол екі ай бойы ойнамағанына қарамастан, ОФК-ға қарсы кездесуде не үшін бізбен бірге екенін дәлелдей алды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!