6 күн бұрын

Чемпиондар лигасында «Қайрат» сапында гол соққан ойыншы жаңа клубқа ауысты

Чемпиондар лигасында «Қайрат» сапында гол соққан ойыншы жаңа клубқа ауысты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад Румынияның ФКСБ клубының (бұрын «Стяуа» деген атпен белгілі) футболшысы ретінде ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Клуб жартылай қорғаушымен келісім-шартқа қол қойылғанын өз әлеуметтік желілерінде жариялады. Арад медициналық тексеруден өтіп үлгерді. Бүгін жаңа командасымен алғашқы жаттығуын өткізеді.

Офри Арад 2023 жылдан бері «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Алматы клубының құрамында ол екі рет Қазақстан чемпионы атанып, бір рет ҚР Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ команданың өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлес қосты. «Қайрат» сапындағы соңғы матчында израильдік футболшы Миландағы «Сан-Сиро» стадионында «Интердің» қақпасына гол соқты.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!