6 күн бұрын

«Ордабасы» клубы маусым алдында жақсы жаңалық естіді

«Ордабасы» клубы маусым алдында жақсы жаңалық естіді

Шымкенттік «Ордабасы» клубы екі футбол алаңы мен барлық қажетті инфрақұрылымы бар жаңа клубтық базасын таныстырды, деп хабарлайды Sport12.kz

Кешен Шымкенттен 15 шақырым жерде, 8 гектар аумақта орналасқан және клуб тарихындағы осындай ауқымдағы алғашқы нысан болды. Аумағында қонақүй, екі толыққанды футбол алаңы бар: оның бірі табиғи көгалмен, екіншісі жасанды төсенішпен жабдықталған. Сондай-ақ қалпына келу және дайындыққа арналған инфрақұрылым қарастырылған. Ол жерде оңалту аймақтары, қалпына келтіру кабинеттері, жаттығу залы және басқа да қажетті бөлмелер бар.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!