7 күн бұрын
«Қайраттың» Астанадағы ойынына неше жанкүйер барды?
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур аясындағы «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы ойынға неше жанкүйер барғаны анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астанада өтіп жатқан матчқа 11 374 көрерменнің билет сатып алғаны белгілі болды.
Бұндай төмен көрсеткіштің тіркелуіне бірден-бір себеп - билет бағасының 15 мың мен 50 мың теңге аралығында болуы себеп.
Еске сала кетейік, дәл қазіргі сәтте «Қайрат» - «Брюгге» кездесуінің 70-минуты өтіп жатыр. Әзірше 0:2 есебімен қонақтар алда келеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов