5 күн бұрын
Рафаэль Уразбахтин: қос команданың деңгейі жер мен көктей
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Астанада жеңіліске ұшыраған «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Sport12.kz
«Қос команданың деңгейі жер мен көктей. Бастапқы 30 минуттай ғана ойын деңгейі тең болды. Әйтсе де Чемпиондар лигасында қателік кешірілмейді. Қазақстан чемпионатында қателік кешірілсе, бұл жерде әр қателік голға айналады. Бастапқы 2 голдың алдын алуға болар еді. Бұл жерде жекелеген футболшыларды айыптай алмаймын.
Енді алға жылжимыз. Осындай ойын арқылы футболшыларымыздың деңгейі өседі. Ұнжырғамызды түсірмейміз», - деді Рафаэль Уразбахтин.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионы «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы ойын 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Енді алматылық команда 28 қаңтар күні Чемпиондар лигасындағы шешуші ойынын сырт алаңда «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов