6 күн бұрын
Плей-оффқа өткен 15 клуб анықталды
УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/2026 маусымындағы жалпы кезеңінің жетінші туры аяқталды. Тур қорытындысы бойынша 15 команда үздік 24 клубтың қатарына еніп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Плей-оффқа шығуды қамтамасыз еткен командалар қатарында «Арсенал», «Бавария», «Реал», «Ливерпуль», «Тоттенхэм», «ПСЖ», «Ньюкасл», «Челси», «Барселона», «Спортинг», «Манчестер Сити», «Атлетико», «Аталанта», «Интер» және «Ювентус» бар.
Айта кетейік, «Арсенал» мен «Бавария» мерзімінен бұрын 1/8 финалға тікелей жолдама алып үлгерді.
Жалпы кезеңнің сегізінші, соңғы турының матчтары Қазақстан уақытымен 28-нен 29 қаңтарға қараған түні өтеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!