5 сағат бұрын
Арман Кеңесов «Ақтөбеге» оралуға жақын
Қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов клуб ауыстыруы мүмкін. Футболшыға Қазақстан Премьер-лигасының екі клубы – «Ақтөбе» мен «Жеңіс» қызығушылық танытып отыр, деп жазады AmanVIBE.
Өткен маусымда «Астана» ойыншысы Павлодардағы «Ертіс» клубында жалға ойнады. Сол кезеңде Кеңесов 14 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Ол команда үшін негізгі ойыншылардың бірі болды және клубтың Премьер-лигаға шығуына үлес қосты.
25 жастағы футболшы 2022–2024 жылдары да «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен. Сол уақытта ол 63 ойынға қатысып, 10 гол соққан.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!