3 сағат бұрын

Тәжірибелі қорғаушы «Тараз» сапына қосылды

Тәжірибелі қорғаушы «Тараз» сапына қосылды

Фото: «Шахтер» футбол клубы

Қазақстандық қорғаушы тәжірибелі Егор Алишаускас «Тараз» сапына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Қарағанды футбол мектебінің түлегі алғашқы қадамын «Шахтер» жастар командасында ойнап бастап, 2020 жылы премьер лигада дебюттік матч өткізді.

Футболшы кәсіби мансабында Премьер-лигада 36, бірінші лигада 79 және кубоктық кездесуде 14 матч өткізген. Бес рет гол авторы атанған.

Былтыр «Каспий» командасымен Бірінші лига чемпионы атанды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!