14 сағат бұрын

Виктор Мозес «Қайсарды» не үшін таңдағанын айтты 

Виктор Мозес «Қайсарды» не үшін таңдағанын айтты 

Фото: Әділжан Үмбет

Қызылорданың «Қайсар» сапына қосылған нигериялық футболшы Виктор Мозес команданы не үшін таңдағанына тоқталып өтті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде ол Қызылордада өткен баспасөз мәслихатында айтып өтті.

- Маған ұсыныспен шыққан командалар аз болған жоқ. Әрине, әрбір футболшы өзіне қолайлы нұсқаны қалайды. Мен «Қайсар» өкілдеріне жолыққан сәтте команданың алға қойған мақсаты жөнінде білдім. Қызылорда қаласында былтыр жаңа стадион пайдалануға берілгенін естідім. Оған қоса биыл алдына жоғары мақсат қойып отыр екен. Бұл жобалар мені қызықтырды. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін өз үлесімді қосуға шешім қабылдадым. Оған еш өкінген емеспін. Осылайша маған жаңа мүмкіндікке жол ашылды. Командамен бірге үлкен жетістікке қол созамын деген ойдамын. Алдағы уақытта «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барамын. Онда футболшылармен танысып, тәжірибемді арттыра түсемін деген ойдамын, - деді Виктор Мозес

Футболшы 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегі алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тепкен. 

2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғады.  р Мозес.  



Біздің серіктес: Бізге тіркел!