6 сағат бұрын

«Қайратпен» кездесуде «Арсенал» сапында кімдер ойынға қатыспайды? 

«Қайратпен» кездесуде «Арсенал» сапында кімдер ойынға қатыспайды? 

Фото. goal.com

Англияның «Арсенал» (Лондон) командасының бас бапкері Микель Артета UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі сегізінші турындағы алматылық «Қайрат» кездесуінде кімдердің алаңға шыға алмайтынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл кездесуде «Арсеналдың» Вильям Салиба мен Юрриен Тимбер секілді төрт футболшысы жарақатына байланысты «Қайратпен» кездесуге қатыспайды.

Оған қоса Микель Мерино мен Деклан Райс сары қағазының көптігіне байланысты ойыннан тыс қалып отыр.

Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ағылшындық команда жарыс барысында Испанияның «Атлетик Бильбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!