15 сағат бұрын

КПЛ чемпионы мансабын «Ертісте» жалғастырады

КПЛ чемпионы мансабын «Ертісте» жалғастырады

Павлодарлық «Ертіс» 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швыревпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады. Ол бұған дейін бірнеше ҚПЛ клубтарында ойнаған.

Швырев «Қайрат» академиясының түлегі. Әр жылдары «Ақжайық», «Қайрат», «Қайрат-Москва», «Ордабасы» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен. «Сары-қаралар» құрамында шабуылшы Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы және Қазақстан Кубогының иегері атанған. Сондай-ақ, «Қайрат-Москва» сапында Ресей Кубогының үздік бомбардирі болып, төрт гол соққан.

Өткен маусымда Швырев «Ақтөбе» құрамында 10 матчқа қатысып, ойын көрсеткен. Бұған дейін «Қайрат» пен «Ақтөбе» құрамында UEFA Еуропа Лигасы және Конференциялар Лигасы матчтарында өнер көрсеткен.

Қазақстан Премьер-лигасында Швырев 108 матч өткізіп, 11 гол соққан. Сонымен қатар, ол Қазақстанның жасөспірім және жастар құрамаларына шақырылған.

Еске салсақ, «Ертіс» өткен маусымды Бірінші лигада екінші орында аяқтап, Премьер-Лигаға жолдама алған.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!