10 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері анықталды
Қазақстандық маман Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Талғат Байсуфинов — Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын хабарлайды.
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында ұлттық құраманы үшінші рет басқарды. Оның жетекшілігімен құрама 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең ойнады.
Бұған дейін Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарған: 2016–2017 және 2020–2022 жылдары.
Талғат Байсуфинов Қазақстанның бірнеше футбол клубында бапкер болып еңбек етті. Әр жылдары ол «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) командаларын басқарды, сондай-ақ Қазақстанның жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы ретінде «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Екібастұзец», «Жетісу» және «Восток» клубтарының намысын қорғаған», — делінген Федерацияның Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында FIFA Series жобасы аясында елордада Комор аралдары, Кувейт, Намибия құрамаларымен жолығады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов