4 сағат бұрын
«Арсенал» - «Қайрат» кездесуін Лондонда қазақстандық қанша жанкүйер тамашалайды?
Фото: «Қайрат» футбол клубы
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турындағы «Арсенал» (Англия) - «Қайрат» (Қазақстан) кездесуін Лондондағы «Эмирэйтс» стадионында қазақстандық қанша жанкүйер тамашалайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 28 қаңтардан 29-на қараған түні сағат 1:00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу барысында швейцариялық Урс Шнидер бас төреші міндетін атқарады. Оған отандастары Марко Цюрхер мен Беньямин Цюрхер көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Свен Вольфенсбергер.
«Қайраттың» жанкүйерлер секторына екі мың билет бөлінген. Сатуға шыққаннан кейін бір сағаттай уақыт өткенде ол түгелдей өтіп кеткен.
Айта кетсек, 60 мыңнан астам жанкүйерге арналған «Эмирэйтс» стадионының пайдалануға берілгеніне биыл жиырма жыл толады. Онда «Арсенал» өз алаңындағы ойындарын өткізеді.
Жарақатына байланысты қорғаушылар Уильям Салиба мен Юрриен Тимбердің алдағы кездесуге қатысудан тыс қалып отыр. Олардың орнын қосалқы құрамнан жас футболшылар басуы ықтимал.
Сондай-ақ бүгін жанкүйерлер Микель Мерино мен Деклан Райстың ойынын тамашалай алмайды. Олар негізгі кезеңдегі жеті кездесуде үш мәрте сары қағаз алып үлгерген еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!