3 сағат бұрын

«Реал Мадрид» жаңа бапкер тапты

«Реал Мадрид» жаңа бапкер тапты

Мадридтік «Реал» клубы бас бапкерлік қызметке жаңа кандидаттарды қарастырып жатыр. Соның ішінде қазіргі таңда «Астон Вилланы» жаттықтырып жүрген испандық маман Унай Эмеридің кандидатурасы клуб басшылығының назарын аударған, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, «Реал» Эмеридің Англиядағы жұмысын жоғары бағалайды. Тәжірибелі бапкер «Астон Вилламен» жақсы нәтижелер көрсетіп, команда ойын жүйесін айқын қалыптастыра алды.

Sky Sports мәліметінше, қазіргі уақытта тараптар арасында алдын ала келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Алайда әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ, келісім нақты бекітілмеген.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!