15 сағат бұрын
«Реал» – «Райо Вальекано» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 1 ақпанда, мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 22-турында өз алаңында «Райо Вальеканоны» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Кездесу Мадрид қаласындағы әйгілі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.
Қазіргі таңда «Реал» Ла Лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Мадридтік клуб 21 матчта 51 ұпай жинап, 16 рет жеңіске жеткен, 3 мәрте тең ойнап, 2 рет жеңілген. Доптар айырмасы – 45:17. Команда чемпионаттағы соңғы бес ойынында қатарынан жеңіске жетіп, жақсы формада екенін көрсетіп отыр.

Ал «Райо Вальекано» 21 турдан кейін 22 ұпаймен 16-орында орналасқан. Команда 5 матчта жеңіске жетіп, 7 ойында тең түсіп, 9 кездесуде жеңіліс тапқан. Соңғы бес матчта бір ғана жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, үш рет жеңілген.

Flashscore дерегіне сәйкес, командалар бұл ойынға негізгі құраммен шығуы мүмкін, ықтимал старттық құрамдар жарақат алған ойыншылар мен соңғы матчтарды ескере отырып жасалған.

«Реал» – «Райо Вальекано» матчының тікелей трансляциясы ALTYN•DOP Telegram арнасында көрсетіледі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!