3 күн бұрын

Беллингем «Райо Вальеканомен» өткен матчта жарақат алып, көз жасымен алаңнан кетті

Беллингем «Райо Вальеканомен» өткен матчта жарақат алып, көз жасымен алаңнан кетті

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшы жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Испания Ла Лигасының 22-туры аясында «Райо Вальеканоға» қарсы өткен матчта жарақат алды, деп хабарлайды Sport12kz.

Кездесудің 8-минутында Беллингем қаптал бойымен жылдам жүгіріп шыққан сәтте кенеттен ақсап қалды. Ол санның артқы бөлігін ұстап, көгалға құлады. Ағылшын футболшысы ауырсынуға шыдамай, көз жасын тыя алмай алаңнан кетуге мәжбүр болды.

10-минутта Джуд Беллингемнің орнына алаңға шабуылшы Браим Диас шықты.

21 турдан кейін «корольдік клуб» 51 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. Ал «Райо Вальекано» 22 ұпай жинап, 16-сатыда орналасқан.

Ла Лиганың 23-туры аясында «Реал» 8 ақпанда «Валенсиямен» кездессе, «Райо Вальекано» 7 ақпанда «Овьедомен» ойнайды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!