01.02.2026
«Ферги тайм»: «Манчестер Юнайтед» қосымша минутта жеңісті жұлып алды
Майкл Кэррик баптайтын «Манчестер Юнайтед» командасы Ағылшын премьер-лигасында «Фулхэмді» жеңіп кетті, деп хабарлайды Sport12.kz
19-минутта Каземиро «Манчестер Юнайтедті» алға шығарды. Ал 56-минутта Матеус Кунья команданың артықшылығын екі есеге арттырды. 85-минутта Рауль Хименес пенальтимен есепті қысқартса. 90+1-минутта Кевин есепті теңестірді. Ал 90+4-минутта Беньямин Шешко жеңіс голын соқты.
Ойыннан кейін «Манчестер Юнайтед» 41 ұпаймен Англия чемпионатының жоғарғы дивизионы турнир кестесіндегі төртінші орынын сақтап қалды. Ал «Фулхэм» 34 ұпаймен сегізінші орында тұр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов