6 күн бұрын

Килиан Мбаппе: «біз сіздерді ешқашан жерге қаратпаймыз»

Килиан Мбаппе: «біз сіздерді ешқашан жерге қаратпаймыз»

«Реал» өз алаңында «Райо Вальеканоны» 2:1 есебімен жеңді. Ойыннан кейін «корольдік клубтың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Жеңіс голының авторы дәл осы француз футболшысы болды. Ол екінші таймға қосылған қосымша уақытта пенальтиді сәтті орындады.

«Соңына дейін. Біз сіздерді ешқашан жерге қаратпаймыз. Хала Мадрид!» - деп жазды Мбаппе.

Ла Лиганың келесі турында «Реалдың» қарсыласы «Валенсия» болады. Ойын жексенбі, 8 ақпанда өтеді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!