6 күн бұрын

Левандовскидің «Барселонадағы» болашағы белгілі болды

Левандовскидің «Барселонадағы» болашағы белгілі болды

Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски Сауд Арабиясы клубтарынан түскен ұсыныстарды кері қайтарды, деп хабарлайды Sport12kz.

Sky Sport мәліметінше, қысқы трансферлік кезеңде Саудияның бірнеше клубы тәжірибелі форвардты өз құрамына қосуды жоспарлаған. Алайда Левандовски бұл ұсыныстарға қызығушылық танытпай, 2025/26 маусымын «Барселона» сапында аяқтауды жөн көрген.

Дереккөздің хабарлауынша, алдағы уақытта каталониялық клуб пен футболшы келісімшартты ұзарту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуі мүмкін. Қазіргі келісімшарттың мерзімі алдағы жазда аяқталады.

Айта кетейік, Роберт Левандовски биылғы маусымда «Барселона» шабуылының негізгі тіректерінің бірі саналады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!