12 сағат бұрын
Нани «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынынан неге тыс қалды?
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» командасының Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанған футболшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Болгариялық маман Николай Костов бұл тізімге португалиялық әйгілі футболшы Наниді енгізген жоқ. Ол жақында командамен бір жылға келісімшартқа қол қойған еді.
«Ақтөбе» құрамы:
Қақпашылар: Александр Заруцкий, Игорь Трофимец, Саятхан Кұсайынов, Парасат Корғанбаев;
Қорғаушылар: Бағдат Қайыров, Талғат Көсепов, Иван Ордец, Темірлан Ерланов, Әділхан Таңжарықов, Тимур Досмағамбетов;
Жартылай қорғаушылар: Георгий Жуков, Еркебұлан Сейдахмет, Аян Байдәулетов, Арман Кеңесов, Никита Корзун, Агустин Пасторица, Айдын Желькович, Марио Рабиу;
Шабуылшылар: Мирам Кикбаев, Артур Шушеначев, Даниэль Соса, Айбар Абдулла.
Оқу-жаттығу жиынында команда қай ұжымдармен кездесетіні әзірге белгісіз.
Былтыр ақтөбелік клуб ел біріншілігінде бесінші орынға місе тұтты. Салдарынан биыл еурокубок ойындарына қатыса алмайды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!