8 сағат бұрын
«Ертіс» Түркияда кімдермен ойнайды?
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Павлодарлық «Ертіс» командасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысындағы жолдастық кездесу өткізетін қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Ертіс» футбол клубы команданың бас бапкері болып беларусь маманы Кирилл Альшевский тағайындалған еді.
Бас бапкер Кирилл Альшевскийдің жаттықтырушылар құрамында павлодарлық Валерий Бельгибаевпен бірге, ресейлік мамандар Ратибор Гусарь, Сергей Толстых және Илья Сергунов жұмыс жасайды.
4 ақпан
«Ертіс» – «Уфа» (Ресей)
9 ақпан
«Ертіс» – «Ленинградец» (Ресей)
17 ақпан
«Ертіс» – «Чайка» (Ресей)
22 ақпан
«Ертіс» – «Иберия-2» (Грузия)
25 ақпан
«Ертіс» – «Балтика-2» (Ресей).
Кирилл Альшевский әр жылдары «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» Минск сияқты клубтарда, сондай-ақ Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында жұмыс істеді.
Альшевскийдің басшылығымен борисовтік «БАТЭ» ұлттық аренада чемпионаттың күміс жүлдегері және Беларусь Кубогының иегері ретінде маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, Беларусь футболының флагманы мәртебесін растады.
Маманның соңғы жұмыс орны мәскеулік «Велес» болды
Біздің серіктес: Бізге тіркел!