6 сағат бұрын

«Ертіс» әйелдер футбол командасы құрылды

«Ертіс» әйелдер футбол командасы құрылды

Фото: «Ертіс» футбол клубы

«Ертіс» әйелдер футбол командасы алғаш рет Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Ертіс» ФК негізгі командасы Бірінші лигада екінші орын алып, Қазақстан чемпионатының жоғары дивизионына жолдама алды. Бұның арқасында, клубтың әйелдер командасы да құрылып, биыл нәзікжандар арасындағы ұлттық біріншілікке қатысу құқығына ие болды.

Жаңа маусымда QFL Қазақстан Әйелдер лигасында Павлодар өңірінің намысын «Ертіс» әйелдер футбол командасы қорғайды. 

«Ертіс» футбол клубы әйелдер командасының жаттықтырушылар штабымен таныстырады.

Бас бапкер – Постовая Ксения

Бас бапкердің ассистенті – Кырыкбаева Айгүл

Физикалық даярлық бапкері – Крюков Виктор

Қақпашылар бапкері – Гидей Вячеслав.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!