7 сағат бұрын
Бельгияда ойнаған футболшы «Ұлытаумен» келісімшартын ұзартты
Фото: «Ұлытау» футбол клубы
Украиналық жартылай қорғаушы Бека Вачиберадзе «Ұлытау» сапында мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Өткен маусымда Бека команданың негізгі ойыншысының біріне айналды. Оның еңбекқорлығы, ойын оқуы және командалық ойынға қосқан үлесі маусым бойы ерекше маңызды болды. Ол 26 матчта 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді, - деп жазылған хабарламада.
Бека Вачиберадзе 1996 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Алғашқы мансабын 2014 жылы Украинаның «Шахтер» клубында бастаса, одан кейін Испанияның «Реал Бетис», Латвияның РФС, Бельгияның «Ломмел», Украинаның «Черноморец», «Металлист-1925», Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубтарында доп тепкен.
Украинаның әртүрлі жастағы жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!