7 сағат бұрын

«Қызылжар» Кот-д’Ивуар футболшысымен қош айтысты

«Қызылжар» Кот-д’Ивуар футболшысымен қош айтысты

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Кот-д’Ивуарлық Нене Гбамбле «Қызылжар» футбол клубымен келісімшартының аяқталуына байланысты клубпен қоштасады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Африкалық футболшы команда құрамына былтыр қосылды. Петропавлдық клуб сапында ол 17 кездесуде біп гол соқты.

Transfermarkt мәліметі бойынша ол қазір қатарлық «Аль-Харитиях» командасына ауысып үлгерді.

Нене Гбамбле 2000 жылы дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2021 жылы Украинаның «Рубикон» командасында бастап, одан кейін сол елдің «Олимпик», Словенияның «Целе», Ресейдің «Ахмат», «Торпедо», «Шинник» клубтарында доп тепті.    


Біздің серіктес: Бізге тіркел!