5 сағат бұрын

«Астана» алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

«Астана» алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Фото: «Астана» футбол клубы

Елордалық «Астана» оқу-жаттығу жиыны барысында Біріккен Араб әмірлігінің «Арабиан Фэлконс» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл кездесуде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Команда сапынан Томасов, Ахметов және Каримов мергендік танытты.

Енді астаналық клуб төрт жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 7 ақпанда армениялық «Ноа»,10 ақпанда ресейлік «Спартак», 13 ақпанда қытайлық «Чжэцзян Профешнл»,16 ақпанда Өзбекстанның «Динамо Самарканд» клубтарымен ойнайды.

Айта кетейік, «Астана» алдыңғы оқу-жаттығу кезеңін елордадағы «Астана Арена» стадионында өткізген еді.

Еске салайық, өткен маусымда КПЛ-де «Астана» 57 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға табан тіреген. Бұл клубқа УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік берді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!