4 сағат бұрын
Гвинеялық футболшы «Тобыл» сапына қосылды
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Гвинеялық жартылай қорғаушы Абдулай Сиссе Қостанай клубымен келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Абдулай футболдағы жолын туған елінде, «Фелло Стар» клубында бастады. 2014 жылы Францияға көшіп, «Анже» сапында доп тепті.
Әр жылдары Түркияның «Коджаэлиспор», «Менеменспор» және «Тузласпор» клубтарында өнер көрсетті. Футболшы бұған дейін Сербияның «Нови Пазар» командасында өнер көрсетті. Бұл ұжым сапында шамамен 100 матч өткізіп, 14 гол соқты.
Халықаралық деңгейде Сиссе Гвинея ұлттық құрамасы сапында 18 матчқа қатысты.
Абдулай жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Ол қорғаныс шебіне де ауыса алады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!