4 сағат бұрын
Қазақстандық төреші VAR бойынша УЕФА семинарына қатысты
Фото: ҚФФ
УЕФА Кипрде VAR жүйесі бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оған Еуропаның әр елінен 27 бейнекөмекші арбитр (VMO) бас қосты.
Семинардың мақсаты - УЕФА аясында өтетін матчтарда жаңа VMO төрешілер тобын дайындау. Алғаш рет бұл курсқа Қазақстаннан төрешінің бейнекөмешісі Айдын Тасыбаев қатысты.
Семинарда VAR протоколы, ойын ережесі, ойын эпизодтарын бағалау бойынша бірнеше сатыдан тұратын тест болды. Отандық VMO-ның УЕФА семинарына қатысуы төрешілер корпусына сенім артылғанын көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейде өзін көрсетуге мүмкіндік.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!