9 сағат бұрын

Қазақстандық маман Конференция лигасында қызмет атқарады

Қазақстандық маман Конференция лигасында қызмет атқарады

Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының матч-менеджері Уәлихан Байтақов УЕФА Конференциялар лигасы аясында өтетін «Ноа» (Армения) - «АЗ Алкмар» (Нидерланды) матчына Venue Director (матч директоры) қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz 

Ойын 19 ақпан күні Қазақстан уақытымен 22:45-ке Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.

Venue Director — бұл матчтың, әсіресе оның спорттық жағынан ұйымдастырылуына жауапты UEFA өкілі. Ол UEFA тарапынан Лига кезеңі мен еурокубоктардың плей-офф раундтарына қатысатын клубтардың матчтарына арнайы тағайындалады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!