8 сағат бұрын
Ұлттық құраманың ойыншысы жаңа клубын таңдады
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Эльхан Астанов «Ордабасы» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Эльхан Астанов – ФК «Ордабасы» ойыншысы.
«Ордабасы» академиясының түлегі Эльхан Астанов біздің команда құрамына қосылды», — деп жазылған Шымкенттік клубтың Instagram парақшасында.
25 жастағы «Ордабасы» түлегі 2023 жылғы наурызда «Астана» клубына ауысқан еді. Бас қала клубының құрамында үш маусым бойы 75 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Қазақстан құрамасында футболшы 2021 жылы дебют жасап, қазірге дейін 19 ойында өнер көрсетіп, бір гол соққан.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов