8 сағат бұрын
Димитар Митков қазақстандық клуб сапына қосылды
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
«Ордабасы» 26 жастағы болгариялық орталық шабуылшы Димитар Митковпен келісімшартқа қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Димитар Митков кәсіби мансабында Болгарияның «Лудогорец», «ЦСКА 1948», «Локомотив» (София), «Спартак» (Варна), «Ботев» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар шабуылшы Ресейдің «Рубин» және Тәжікстанның «Истиклол» командаларында өнер көрсеткен.
2021 жылы Митков Болгария жастар құрамасына шақырылып, оның сапында 4 матч өткізді.
Бас бапкер Александр Мартин Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында негізінен тәжірибелі футболшыларға сенім білдірді. Дегенмен дайындыққа жастар да шақырылған.
Бірінші жиын команда Шымкентте 10-21 қаңтар аралығында өткізген болатын.
Еске салсақ, КПЛ 2025 маусымында «Ордабасы» жетінші орынға ие болды, ал Қазақстан Кубогының финалында «Тобылға» есе жіберіп, еурокубокқа жолдама ала алмады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!