8 сағат бұрын
Албаниялық футболшы «Тобыл» клубына ауысты
Қостанайдың «Тобыл» клубы 27 жастағы албаниялық шабуылшы Рубин Хебаймен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Хебайдың футбол жолы «Вллазния» клубының жүйесінде басталған. Oнда ол U-15 командасында ойнаған. Кейін шабуылшы «Домжале», «Партизани», «Шкендия», «Аль-Ороба» және басқа клубтардың атын қорғалған. «Тобыл» командасына ауысар алдында футболшының соңғы клубы Өзбекстанның Джизак қаласындағы «Согдаиана» болды. Ол Өзбекстан чемпионатында 11 ойынға қатысып, 5 гол соққан болатын.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов