8 сағат бұрын
ҚПЛ-да 300 матч өткізген футболшы «Тараз» сапына қосылды
Фото: «Тараз» футбол клубы
Жасұлан Молдақараев биылғы маусымда «Тараз» намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шабуыл шебінде өнер көрсететін футболшы 2024 жылы бірінші лиганың үздік сұрмергені (25 матчта 19 гол) атанған
Қызылорда футболының түлегі әр жылдары «Қайсар», ««Оқжетпес», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында ойнады.
Былтыр «Ұлытау» сапында 21 кездесуге қатысқан ойыншы ұлттық құрамада бірнеше матч өткізген. 2013 жылы Бірінші лига чемпионы әрі бомбардир (28 гол) болды
Жалпы Қазақстан премьер лигасында 300-ден аса ресми матчта алаңға шықты.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!