4 сағат бұрын
Темірлан Ерланов жаңа маусымда қай клубта ойнайды?
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Орталық қорғаушы Темірлан Ерланов келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобыл» клубынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Темірлан сары-жасылдар сапында барлығы 29 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
«Тобыл» құрамында ол Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Темірлан Ерланов 1993 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Спорттық мансабында 2013 жылдан бері «Восток», «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе» клубтарында доп тепті.
Темірлан Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан.
Темірлан Ерланов алдағы маусымда жаңа команда сапында бастайтын болады.
Қазақстандық 32 жастағы отандық орталық қорғаушы Темірлан Ерланов «Ақтөбенің» Түркиядағы жиынына келіп қосылды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!