4 сағат бұрын

«Ұлытау» футбол клубы 20 жастағы шабуылшыны қатарға қосты

«Ұлытау» футбол клубы 20 жастағы шабуылшыны қатарға қосты

Фото: «Ұлытау» футбол клубы

«Ұлытау» футбол клубы Нұрали Өркенмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Футболшы бұған дейін «Арыс» клубында өнер көрсеткен. Ол небәрі 20-жаста. Орталық шабуылшы міндетін атқарады. 

Жезқазғанның «Ұлытау» клубы 53 жастағы қазақстандық маман Нұркен Мазбаевпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады

Мазбаев команда тізгінін 2025 жылғы маусымның ортасында қолға алып, клубты Премьер-лигадағы орнында сақтап қалуға қол жеткізді.

Маманның маусым соңындағы көрсеткіштері келесідей: 12 матч, оның ішінде 2 жеңіс, 5 тең ойын және 5 жеңіліс.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!