7 сағат бұрын
Бернабеу жанында жаңа үй, жаңа миссия: Клопп «Реалға» келеді
Әйгілі неміс бапкері Юрген Клопп мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстауға бір қадам жақын. Бұл туралы Defensa Central порталы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, тараптар ынтымақтастық жөнінде келісімге келген. Сонымен қатар Клопп Мадрид қаласынан, «Сантьяго Бернабеу» стадионынан шамамен бір сағаттық жерде орналасқан, құны 4 миллион еуро болатын зәулім үй сатып алған. Бұл оның Испания астанасына ұзақ мерзімге қоныстануды жоспарлап отырғанын аңғартуы мүмкін.
Бұған дейін мадридтік клуб маусым соңында бас бапкер Альваро Арбелоамен қоштасуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Мадридтік команда жаңа бапкерлік қызметке бірнеше үміткерді қарастырып жатыр.
Сол тізімде Юрген Клопп негізгі кандидаттардың бірі ретінде аталып отыр. Неміс маманының бай тәжірибесі мен жоғары деңгейдегі клубтардағы жетістіктері «Реал» басшылығының назарын аударғаны анық.
Қазіргі таңда бұл ақпаратқа қатысты клуб тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Дегенмен, алдағы уақытта жағдайдың нақтысы белгілі болуы мүмкін.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!