7 сағат бұрын
Украиналық тәжірибелі футболшы «Ұлытау» сапында ойнайды
Фото: «Ұлытау» футбол клубы
«Ұлытау» футбол клубының құрамын украиналық орталық жартылай қорғаушы Глеб Бухал толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Глебтің халықаралық деңгейде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары ол Украина клубтары - «Александрия», «Металлист 1925», «Кривбасс», «Чайка» және «Львов» сапында өнер көрсетті.
Оған қоса футболшы Польша клубтары «Рейсовия Жевуш», «Хойничанка», Болгарияның «Хебръ» және Чехияның «Оломоуц» командасында ойнаған.
Ойыншының соңғы клубы - Арменияның «Ван» командасы.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!