6 сағат бұрын

Қазақстандық төреші УЕФА-ның кіріспе курсына қатысты

Қазақстандық төреші УЕФА-ның кіріспе курсына қатысты

Фото: ҚФФ

УЕФА дәстүрлі түрде халықаралық төрешілерге арналған CORE International кіріспе курсын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Білім беру бағдарламасына Еуропаның әр елінен 48 төреші қатысты. Олардың қатарында қазақстандық Арман Есмұратов та бар. Қатысушылар УЕФА инспекторларының жетекшілігімен төрелік ету бойынша арнайы дайындықтан өтті. Сонымен қатар тамақтану, физикалық дайындық, жарақаттың алдын алу, футболдағы адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау мәселелерін қамтитын бірқатар қосымша бағытты меңгерді.

Курс аясында төрешілер ойын ережелері мен физикалық дайындық бойынша тест тапсырды. Мұнда олардың теориялық білімі мен функционалдық дайындық деңгейі бағаланды.

Аталған кіріспе курсы - халықаралық төрешілік мансап жолындағы алғашқы кезең. Алдағы уақытта бағдарлама қатысушылары алғашқы халықаралық матчтарға тағайындаулар алады.

ФИФА төрешісі мәртебесіндегі алғашқы жылда әрбір төрешіге УЕФА тарапынан жеке тәлімгер бекітіледі. Ол төрешінің жұмысын тікелей және қашықтан бақылап, ұлттық жарыстардағы матчтарды қоса алғанда, кәсіби дамуына қолдау көрсетеді.

Аталған бағдарлама аясында УЕФА іріктеуінен өткен төрешілер арасынан Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру қатысты.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!