5 сағат бұрын

Көкшетаудағы жаңа стадионның жобасы таныстырылды

Көкшетаудағы жаңа стадионның жобасы таныстырылды

Фото: Көкшетау қаласының әкімдігі

Көкшетау қаласының әкімдігі UEFA стандартына сай 10 000 орындық футбол стадионы жобасын таныстырды, деп хабаралйды Sport12.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында жаңа стадионның құрылысын бастау жөнінде тапсырма берген еді.  

Сарыарқа шағын ауданында 2026 жылы УЕФА стандарттарына сай, 10 000 орындық заманауи футбол стадионының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жоба аясында әртүрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге және бұқаралық әрі балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға арналған футбол академиясын дамыту көзделген.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!