8 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» тағы да жеңіске жетті
Майкл Кэррик баптайтын «Манчестер Юнайтед» клубы 4 ойын қатарынан ағылшын Премьер-лигасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Олар өз алаңында «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен жеңіп кетті.
Матчтың 29-минутында «Тоттенхэм Хотспур» қорғаушысы Кристиан Ромеро манкуниандықтардың жартылай қорғаушысы Каземироға қарсы жасаған фолы үшін қызыл қағаз алды. 38-минутта «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Брайан Мбемо есеп ашты. Ал 81-минутта Бруну Фернандеш манкуниандықтардың басымдығын еселей түсті.
Осы ойыннан кейін «Манчестер Юнайтед» 44 ұпаймен АПЛ турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. «Тоттенхэм Хотспур» 29 ұпаймен турнир кестесінің 14-сатысында тұр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов